Б. Сапарбаев зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді

871

Вице-премьер қаңтар айының соңына дейін міндеттерді, мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсетумен Жол картасының жобасын әзірлеуді тапсырды.   

Б. Сапарбаев зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Отырысқа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" ЗТБ кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, "First Heartland Jysan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жәмішев, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшілері Тамара Дүйсенова және Олжас Құдайбергенов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, "Атамекен" ҰКП өкілдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. 

"Жалпы, Мемлекет басшысы жұмыс тобының ұсыныстарын қолдады. Енді Президенттің тапсырмаларын ескерумен біздің жұмысымызды жалғастыру қажет, оның ішінде зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртуды жеделдету, әкімшілік шығындарды қысқарту, ең төменгі жалақы көлемін және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесін пысықтау керек", – деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар жұмыс тобы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану бастамасын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастырады. 

"Тұрғын үй сатып алу және қымбат тұратын емге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану ұсынысына қолдау білдірілді. Бұл құқықты пайдалана алатын азаматтарды кезең-кезеңмен қамтуды арттыруды ескерумен қосымша есептеулер жүргізу қажет", – деді вице-премьер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу