Б. Шолпанқұлов: Үкімет сырттан $3 млрд қарыз алады

1036

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов бұл –  қажеттіліктен туынған шара екенін айтады.  

Б. Шолпанқұлов: Үкімет сырттан $3 млрд қарыз алады

Бұл уақытта еліміз сырттан 3 млрд долларға жуық қарыз алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Яғни, бюджет шығыстарының артуы дефицитке әкелмек. Шамамен 2,4 трлн теңгеге. Сондықтан Үкімет облигация шығарып, тапшылықтың орын толтыруды ұйғарған. Соның бір механизмі – сырттан қарыз алу.  Алайда, бірінші вице-министр борышты нақты қайдан алғалы отырғанын ашып айтқан жоқ.

Сырттан қарыз алуымыздың басты себебі биыл бюджет түсімі жоспардан 1,7 трлн теңгеге аз болмайын деп тұр. Жыртықты жамау үшін Ұлттық қордан да 2 трлн теңге алынады. Үкімет коронавирус пен мұнай нарығындағы құлдырау салдарынан қайта есептелген  2020 жылғы бюджетті бүгін таныстырды. Онда мұнай бағасы 20 доллар, ал ұлттық валютаның көк қағазға шаққандағы бағамы 440 теңге деп көрсетілген.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу