Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне қатысуға бюджеттен бөлінетін қаржы қысқартылуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.
Бірақ арнайы комиссияның шешімінен кейін ғана. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әзірге отырыстың жақын күнге белгіленбегенін айтады.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов те 9 млрд теңгенің тиімділігін арнайы комиссияның шешетінін ескерткен. Қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы "қажетсіз" деп танылған форумдар мен жиындарға шығынды азайтып, ысырап жасамауға тапсырма берген болатын. Бірақ ЭКСПО-ның жөні бөлек дейді министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу