Тиісті шешім елдің авиациялық билік органдары тарапынан қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігі кемінде 27 сәуір күні дүниежүзілік уақыт бойынша түске дейін (Астана уақытымен 17:00-ге дейін) ішінара жабық күйде қалады", – деп хабарлайды ТАСС Таяу Шығыстағы диспетчерлік қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жергілікті әуежайларда қазір 6 әуе дәлізі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, ел аумағы арқылы Қатар әуежайларына бағытталған тағы екі маршрут белгіленген.
Бұған дейін Қатар шетелдік әуе тасымалдаушылары үшін өз әуе кеңістігін ашатыны хабарланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу