БАӘ-нің жеке басын сәйкестендіру, азаматтық, кедендік әрі порттық қауіпсіздік жөніндегі федералды басқармасы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар үшін бес жылдық туристік виза алуға рұқсат берді, деп жазады Emarat Al Youm.
Мультивиза барлық ұлттардың азаматтарына беріледі және оны алушыға елде 90 күннен аспайтын мерзімде үздіксіз болуға мүмкіндік сыйлайды, қажет болған жағдайда оның мерзімін ұқсас кезеңге бір рет ұзартуға болады.
Виза мерзімін ұзарту кезінде клиент оның күшін жоюды болдырмау үшін кіруге рұқсат берілген күннен бастап 60 күн ішінде елге келуі керек. Бұл мерзім жылына 180 үздіксіз күннен аспауы тиіс.
Виза 5 жылға беріледі. Оны бірдей мерзімге бір рет ұзартуға болады.
Ол бойынша елде болудың ең ұзақ мерзімі - алты ай.
Қазақстандықтар БАӘ-де 30 күнге дейін визасыз бола алады.
Виза алу үшін сізге:
- Алты ай ішінде қаржы балансандағы өзгерістер туралы мәліметтері бар банктен анықтама көшірмесін ұсыну. Виза алушының шотында кемінде 4 мың доллар болуы керек.
- БАӘ-де медициналық сақтандыруды 180 күнге рәсімдеу қажет. Турист үшін қаржылық кепілдіктің құны 3025 дирхамды (363 мың теңге), ал визаның құны медициналық сақтандыруды қоса алғанда 750 дирхамды (90 мың теңге) құрайды.
- 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар ғана виза алуға өтініш бере алады. Бұл ретте кәмелетке толмаған балалар қызмет алушымен бірге жүреді деп есептеледі. 18 жастан асқан отбасы мүшелнері өз бетінше өтініш беруі керек.
Егер азамат ел ішінде болу үшін белгіленген мерзімнен артық уақытқа қалып қалса, виза жарамсыз деп саналады.