БАӘ-де қаза тапқан 2 қазақстандықтың денесі елге жеткізілді

380

Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

БАӘ-де қаза тапқан 2 қазақстандықтың денесі елге жеткізілді Фото: canva

28 тамызда ҚР Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған қазақстандық азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін елімізге жеткізуді ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратура мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетуде. ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу