БАӘ-де құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады

1610

Тікұшақ бортында әмірліктің үш азаматы - екі ұшқыш, сондай-ақ шетелдік дәрігер болған.

БАӘ-де құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Біріккен Араб Әмірлігінің солтүстігіндегі  Рас-эль-Хайма эмиратында құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат WAM ақпараттық агенттігіне сілтемемемен.

Экипаж мүшелерінің барлығы ажал құшқан, бірақ бортта қанша адам болғаны айтылмай отыр.

Ал БАӘ ұлттық іздеу-құтқару орталығының мәлімдемесіне қарағанда, тікұшақ бортында әмірліктің үш азаматы - екі ұшқыш, сондай-ақ шетелдік дәрігер болған. Бәрі әуе апатынан қаза тапты.

AgustaWestland AW139 тікұшағы елдің ең биік нүктесі - Джебель Джайс тауында құтқару операциясы кезінде құлаған. Оқыс оқиғаны көргендердің айтуынша, тікұшақ жақында ғана ашылған  таудан жылдам түсуге арналған аспа жол - зиплайнға соғылған болуы мүмкін.

Рас-эль-Хайма әмірлігі апаттың себеп-салдарын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу