БАӘ-де жүрген 463 қазақстандық елге жеткізілді

674

Еліміздің Дубайдағы Бас консулдығы ол елдегі қалған отандастарымызбен тұрақты байланыста және қажетті көмек көрсетуде.

БАӘ-де жүрген 463 қазақстандық елге жеткізілді

БАӘ-дегі қазақстандық туристер Дубай – Алматы (2 рейс) және Дубай – Нұр-Сұлтан рейстерімен елге оралды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Аталған рейстерге дипломаттардың күшімен ел аумағында жүрген қосымша жолаушылар қосылғанын атап өтеміз. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша біздің 463 азаматымыз елге оралды",– деп жазылған хабарламада.

Бас консулдық қалған отандастармен тұрақты байланыста және оларға қажетті көмек көрсетуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу