Біріккен Араб Әмірліктері Франция үкіметінен ұсталған Telegram негізін қалаушы, Ресей мен француз азаматтығымен қатар БАӘ азаматтығына ие Павел Дуровқа консульдық көмек беруге мүмкіндік жасауды сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы БАӘ Сыртқы істер министрлігінің өкілі Афра Әл-Хамели Х платформасында хабарлады.
Әбу-Даби Дуровтың ісін "мұқият қадағалайды" және оған "шұғыл түрде барлық қажетті консулдық қызметтерді" ұсынуға ниетті" деп атап өтті елдің сыртқы саяси ведомствосы.
"БАӘ азаматтарының әл-ауқаты, олардың мүдделерін қорғау және оларға қолдаудың барлық аспектілерін ұсыну – Біріккен Араб Әмірліктері үшін басты басымдық", - деп қосты СІМ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу