БАӘ-ге құрт экспортталады

1363

Қарқаралыға БАӘ-ден келген туристер құртқа тапсырыс берген.

БАӘ-ге құрт экспортталады

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы сүт өңдеу цехының басшысы Сләмбек Қинаятұлының айтуынша, БАӘ-ден жергілкті құртты сатып алуға ұсыныс түсіпті, ал Германия ерекше технологиямен дайындалатын сары майды сатып алуға ынта білдірген, деп хабарлайды atameken.kz.

"Біздің Қарқаралымызға туристер келді, қонақтар цехымыз өндіретін ұлттық тағамдар: құрт, майдың дәмін татып, тәнті болды. Өйткені менің құртым ерекше технологиямен әзірленеді. Арабтар құрттың бірнеше түрін өз еліне алып кетті. Аз уақыттан соң жауап келді. Арабтар құрт өніміне сараптама жүргізіп, оның 98% табиғи өнімнен жасалғанына көз жеткізді. Олар бірден бізбен жұмыс істеуге құлшыныс танытып, тапсырыс берді. Енді құжаттарды реттеп жатырмын. Ұлттық тағамымыз басқа елде танымал болатынын мақтан тұтамын", – деді кәсіпкер Сләмбек Қинаятұлы.

Кәсіпкер сүт өнімінің 11 түрін өндіреді, күніне 2 тонна шикізат өндіре алады. Алайда қыста жабдық толық қуатта жұмыс істемейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу