БАӘ Израильмен сауда қатынастарын уақытша тоқтатты

487

Біріккен Араб Әмірліктері Биньямин Нетаньяху Үкіметінің әрекеттеріне байланысты израильдік қару-жарақ сатып алу туралы келісімдерді тоқтатады. 

БАӘ Израильмен сауда қатынастарын уақытша тоқтатты Фото: img7.eadaily.com

Бұл туралы Iranist порталы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

БАӘ тарапынан мұндай шешімге Нетаньяху үкіметінің соңғы бір жарым айдағы әрекеттері түрткі болды.

Абу-Даби, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің Ғибадатхана тауына көтерілуіне, Палестинаның Хавара ауылындағы оқиғалар мен қаржы министрі Бецалель Смотричтің Хавараны "жер бетінен жою керек" деп айтқан сөзіне ашуланды.

"Біз премьер-министр Нетаньяхудың өз үкіметін бақылайтынына сенімді болмайынша, бірлескен жобалармен айналыса алмаймыз", - деп мәлімдеді БАӘ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу