Біріккен Араб Әмірліктері билігінің шешімі бойынша Қазақстанға гуманитарлық көмек партиясы келіп жетті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Біздің елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың, сондай-ақ коронавируспен күрес кезінде бірлескен күш-жігердің арқасында БАӘ-ден бортында жалпы салмағы 13 тоннаны құрайтын медициналық қорғаныс құралдары келді. Оның ішінде жартылай медициналық қорғаныс құралдары, бір реттік қолғаптар, медициналық маскалар, бахилалар, антисептиктер және тағы басқа медициналық құралдар бар", – деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, Қазақстанға бұған дейін де АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Израиль секілді елдерде коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында медициналық көмек жіберген болатын.
"Гуманитарлық көмек – бұл серіктестерге өзара қолдау көрсетудің жалпы қабылданған халықаралық тәжірибесі. Тез тарайтын эпидемиологиялық дағдарыс жағдайында әлемнің барлық мемлекеттері әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне және географиялық алшақтығына қарамастан, түрлі көмек алу үшін өзара жүгінеді", – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.