БАӘ Қазақстанға өз елдерінде бой тасалап жүрген 9 қылмыскерді берді

960

БАӘ Қазақстанға өз елдерінде бой тасалап жүрген 9 қылмыскерді берді

Бүгін ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров пен БАӘ федералдық прокуроры Әль-Шамсидің екі жақты кездесуі болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қылмыс саласындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту аспектілері, қылмысқа қарсы іс-қимылдың құқықтық механизмдері, оның ішінде ұрланған активтерді кері қайтару, қылмыскерлерді экстрадициялау және қылмыстық істер бойынша сотталған адамдарды беру мәселелері талқыланды.

Адамдарды беру туралы келісім қолданылғаннан бергі кезеңде соңғы жылдары БАӘ әділет министрлігі өз елдерінде бой тасалап жүрген 9 қылмыскерді берді.

Әріптестер ірі қаржылық қылмыстарға қатысты адамдарды экстрадициялау мен қазақстандық тергеушілердің әмірліктер аумағында бой тасалап жүрген адамдарға қатысты тергеу амалдарына қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Бұған қоса, терроризм мен діни терроризм қаупіне қарсы іс-қимыл жөнінде, оның ішінде осы бағытта қабылданып жатқан заңнамалық, ұйымдық және профилактикалық іс-шаралар бойынша тәжірибе алмасты.

Өз кезегінде федералдық прокурор Әль-Шамси қазақстандық әріптестердің заңдылықты, халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі тиімді жұмысын атап өтіп, екі жақты қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу