БАӘ компаниясы Екібастұз қаласында индустриалдық парк ашпақ

730

Тараптар тиісті келісімге қол қойды.

БАӘ компаниясы Екібастұз қаласында индустриалдық парк ашпақ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы БАӘ билігі және бизнес өкілдерінің бірқатарымен кездесті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар бұған дейін жасалған келісімдердің іске асу барысын және алдағы уақытта сауда-экономика, қаржы-инвестиция, көлік-логистика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, тау кен металлургиясы, энергетика, басқа да салаларда жүзеге асатын бірлескен жобаларды талқылады.

Нәтижесінде екі ел арасында 17 үкіметаралық және коммерциялық келісім жасалды. Олардың қатарында құс фабрикалары мен тауарлы сүт фермаларын салу, электромобиль бөлшектерін өндіру сынды жобалар бар. Келісімдер арқылы ел экономикасына 2,2 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылады.

Жоспарлы ірі жобалардың бірі – Екібастұз қаласының өндірістік аймағында индустриялдық парк ашу. Павлодар облысының әкімі Сәкен Шаяхметов пен "Canarax" компаниясының атқарушы директоры Ариф Мапара тиісті меморандумға қол қойды. Бұған дейін БАӘ елінің инвесторлары Екібастұзда техникалық кремний шығаратын зауыт салу туралы жобасын таныстырған еді. Бірнеше рет қоғамдық тыңдау да өткізіп үлгерді. Ендігі ретте қуаттылығы 200 МВт электр энергиясы болатын индустриалдық парк жұмысын бастап, бұл аймақта инновациялық жобаларды іске асыруға бейілді. Сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, озық технологиялар мен әлемдік тәжірибені енгізбек.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу