Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы БАӘ-нің Тұрақты Өкілдігі әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлама жариялап, отырыс шақырылатынын жариялады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Газадағы ауруханаға шабуылдан кейін БАӘ мен Ресей Палестинадағы жағдайды талқылау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шұғыл отырысқа шақырды", - делінген хабарламада.
Анадолы тілшісіне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде ротация бойынша төрағалық ететін Бразилияның Тұрақты өкілдігі жасаған мәлімдемеде отырысты шақыру талқыланғаны, бірақ шешім әлі қабылданбағаны туралы хабарланды.
Газадағы әл-Ахли баптисттік ауруханасының израильдік бомбалауынан қаза тапқандар саны 500-ге дейін өскені атап өтілді.