БАӘ мен Сауд Арабиясы шектеулерді алып тастап жатыр

567

Қос елдегі вирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан көп.

БАӘ мен Сауд Арабиясы шектеулерді алып тастап жатыр

Араб елдері біртіндеп бұрынғы режимге оралу жағын қолға алды. 27 мамырда Дубай қаласының экономикасы жандана бастайды. Әмірліктерде спорт залдары мен кинотеатрлар жұмысына кіріседі. Оларға таңғы сағат 6.00-ден түнгі 11.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Ал келушілерге маска тағу және 2 метр ара қашықтықты ұстану секілді ережелерді ұстану міндеттелді.28 мамырда Сауд Арабиясында шектеу шаралары қысқартылады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі осылай деді. 

Бұл екі ел науқастар саны бойынша араб елдері арасында көш бастап тұр. БАӘ-де вирус жұқтырғандардың саны 30 мыңнан асып, оның 248-і қаза тапқан. Ал Сауд Арабиясында осы күнге дейін 70 мыңнан астам тұрғын ауруға шалдығып, оның 400-і көз жұмған.

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 5,4 миллионнан асқан. Дерттен 345 мың кісі қайтыс болды. 2,1 миллион адам аурудан айыққан.

Табиғат Нұрболат

Фото: rbc.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу