БАӘ-нің әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашуға ниетті

851

"Emirates" әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылды.

БАӘ-нің әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашуға ниетті

ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев БАӘ-нің еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед әл-Жабермен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. "Emirates" әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылды.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Қазақстан Әмірліктер арасындағы тұрақты әуе қатынасын 4 әуе компания ("Эйр Астана", "Этихад", "Fly Dubai", "Air Arabia") жүзеге асырып келеді.

Қазақстандық авиакомпания аптасына 12 рет Нұр-Сұлтан, Алматы және Дубаи қалалары арасында ұшуларды орындаса, БАӘ ұшақтары Абу-Даби, Дубай, Шарджа және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары арасында аптасына 16 рет қызмет көрсетеді. Екі ел арасында аптасына 28 рейс орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу