БАӘ-нің Мәскеуге бағытталған инвестициясының көлемі 4,4 есе артты

595

Былтыр Мәскеуден БАӘ-ге бағытталған экспорт көлемі 993 миллион доллар болды.

БАӘ-нің Мәскеуге бағытталған инвестициясының көлемі 4,4 есе артты

БАӘ бес жыл ішінде Мәскеу экономикасына салынған инвестиция көлемін 4,4 есе арттырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресей Федерациясы Орталық банкінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарында Біріккен Араб Әмірліктерінен Мәскеу экономикасына бағытталған бизнес инвестициялары 362 миллион доллар болды, бес жыл ішінде араб инвесторларының салымдары 4,4 есе өсті. 

Мәскеу әкімшілігінің айтуынша, БАӘ инвесторлары әсіресе технология мен сауда саласындағы жобаларға инвестиция құйып жатыр. Сонымен қатар бұл ел Ресейден өнеркәсіптік жабдықтар, алкогольсіз сусындар, шоколад өнімдері мен дәнді дақылдардан жасалған өнімдер сатып алуда.

2021 жылы Мәскеуден БАӘ-ге бағытталған экспорт көлемі 993 миллион доллар болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,4 есе жоғары. БАӘ-ден Мәскеуге жасалған импорт 22%-ға артып, 111 миллион долларға жетті.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу