Жаңа оқу жылынан бастап БАӘ мектептерінде оқушылар жасанды интеллектті пән ретінде оқи бастайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
БАӘ шейхы және премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум бұл шешім елдің болашақ ұрпақты мүлде жаңа, өзге әлемге дайындау жөніндегі ұзақмерзімді жоспарының бір бөлігі екенін атап өтті.
"Біздің міндетіміз – балаларымызды біздің уақытымызға ұқсамайтын, шарттары басқа, жаңа дағдылар мен мүмкіндіктерді талап ететін кезеңге дайындау. Бұл – еліміздің даму мен ілгерілеуін алдағы ондаған жылдарға қамтамасыз ететін мүмкіндік", – деп қосты ол.
Білім министрі Сара бинт Юсеф аль Амири оқу бағдарламасы жасанды интеллекттің негізгі тұжырымдамаларын қамтитынын атап өтті:
- деректер және алгоритмдер;
- бағдарламалық қамтамасыз ету;
- этикалық сана;
- жасанды интеллектті шындыққа қолдану;
- инновациялар мен жобалар;
- саясат және әлеуметтік белсенділік.
Ол үшін Министрлік мұғалімдерге әр түрлі оқу жағдайларына бейімделген іс-шаралар мен сабақ жоспарларын қоса алғанда, жан-жақты ресурстар ұсынады.