БАӘ отшашудан рекорд орнатты

335

Отшашу гиннесс рекордтар кітабына енді.

БАӘ отшашудан рекорд орнатты Фото: Ашық дереккөз

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Рас-әл-Хаймада отшашу бойынша 2 бірдей рекорд орнады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Әмірлікте жаңа жыл түні жағалауда ұйымдастырылған пиротехникалық шоу 4,5 шақырымды қамтыды. Бұл ең ұзақ қашықтық ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Шоу 8 минутқа cозылды. Онда мыңнан аса жарық диодты дрондар мен суға арналған отшашу секілді инновациялар қолданылды. Шараны тамашалау үшін 50 мың адам жиналған. Бұл жергілікті туризмнің дамуына серпін беріп отыр. Өйткені қонақ үйлерде бос орын болмаған.

Айта кеткен жөн, Рас-әл-Хайма әмірлігі осымен бірнеше жыл қатарынан жаңа жылдық отшашу бойынша рекордтар орнатып, туристік әлеуетін арттырып келеді.

"2023 жыл Рас-әл-Хайма әмірлігінің туризмі үшін табысты жыл болды. Біз зор жетсітікке қол жеткіздік. Соның арқасында 2030 жылы 3 миллионнан аса саяхатшыны қабылдау мақсатымызға бір қадам жақындай түстік", - дейді Раки Филлипс, Рас-әл-Хайма әмірлігінің туризмді дамыту жөніндегі департаментінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу