БАӘ Charities Aid Foundation зерттеуіне сәйкес 114 елдің арасында мәртебелі 13-ші орынды алады. Аз уақыт ішінде мұндай жетістікке жету сырын Толеранттылық және бейбітшілікте өмір сүру министрлігінің Бас директоры Афра Мохаммед Аль Сабри айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.
"БАӘ басшылығы мен халқы волонтерлік мәдениетті нығайтуға және дамытуға аса мүдделі, себебі біздің ел 200-ден астам ұлттар мен мәдениеттерді біріктірген ортақ үй. БАӘ-ден әлемге көптеген ерікті бастамалар сыйлады: ұлттық волонтерлік платформа, "Эскпо-2020 - Дубай волонтерлер үшін" бағдарламасы, БАӘ Қызыл ай ұйымы", - деді Афра Мохаммед Аль Сабри.
Ерекше назар аударарлығы - бұл елде волонтерлік қызметті реттейтін арнайы құзырлы органның болуы. Толеранттылық және бейбітшілікте өмір сүру министрлігі әлеуметтік жұмыс, білім беру, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау сияқты әртүрлі салаларда көптеген волонтерлер бастамаларын ұйымдастырумен айналысады.
"Министрлік еріктілерге қоғамда толеранттылық пен бейбіт өмір сүру мәдениетін тарату үшін семинарлар мен білім беру іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жас еріктілер тобын құруға бағытталған "толеранттылық рыцарлары" бағдарламасын қоса алғанда, әртүрлі іс-шаралар шеңберінде білім беру, мәдени және қоғамдық жұмыстарға үлес қосуға мүмкіндік береді", - Толеранттылық және бейбітшілікте өмір сүру министрлігінің Бас директоры.
Алдағы уақытта БАӘ еріктілер, халықаралық ұйымдар мен жергілікті қоғамдастық арасындағы Волонтерлік қызметті жақсарту үшін жасанды интеллект сияқты озық технологияларды қолданбақ. Сонымен қатар олар волонтерлік қызметтегі инновациялар мен өнеркәсіпке аса назар аударып отыр.