Қазақ халқының тарихын тереңірек зерделеуді мақсат еткен "Бабалар ізімен" ғылыми экспедициясы өз сапарын жалғастырады. Сапар Ысқақов бастаған топ бұл жолы Грузия, Әзербайжан Иран және Түркия елдерін аралап, осы мемлекеттермен қазақ ұлтының тарихи байланысын зерттейді, деп хабарлайды 24.kz.
Грузияда экспедиция мүшелерін ел президенті Салом Зурабишвили қабылдайды. Кездесуде тараптардың бірлескен зерттеу жүргізу жоспары талқыланбақ. Сонымен қатар Әзербайжан, Иран және Түркия елдерінде этникалық қазақтармен кездесулер ұйымдастырылып, түрлі жәдігерлер мен кітаптар, археологиялық ескерткіштердің тарихы тереңнен зерттеліп, оларды сақтау жолдары қарастырылады.
"Грузияның президентімен кездескен уақытта оған қоятын тілегім, Грузияның аумағында өте көп балбалдар түрік тұқымды елдер, оның ішінде қыпшақтардың. Әсіресе мынау бұрынғы соғыс уақытында қайтқан адамдардың басына қоятын белгілер, құлпытас деп айтуға болады. Олар әр түрмен істеген. Адамның жануарлардың. Солар көбісі қазір дұрыс сақталмай жатыр. Көбісі ұрланып жатыр, қирап жатыр. Енді соларды үкіметтің қорғауына алу. Біздің институттар бірімен-бірі қатынас жасауы керек. Оларда көп жатқан материалдар бар. Ол үшін ескі грузин тілін білу керек. Қаншама ақпараттар жатыр. Біз оны білмей отырмыз", – дейді Сапар Ысқақұлы, ғылыми экспедиция жетекшісі.