Backstreet Boys концертіне көрермендерге арнап шаттл-маршруттар ұйымдастырылды

156

Маршруттар екі бағытта жұмыс істейді – стадионға дейін және қайтар уақытта, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Backstreet Boys концертіне көрермендерге арнап шаттл-маршруттар ұйымдастырылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордадағы "Астана Арена" стадионында 21 қыркүйек күні аты аңызға айналған Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін арнайы шаттл-бастар қатынайды.

Шаттл-автобустар сағат 16:00-ден бастап бес бағытта қатынайды:

Астаналық цирк жанындағы автотұрақтан;
"Әзірет Сұлтан" мешітінен;
Сатпаев көшесіндегі "Қазақстан" спорт кешені жанындағы автотұрақтан;
Орталық саябақтан (Тұран даңғылы жағынан);
"Бас Мешіттен".

Қосымша шаттл-бастардың қатынауы көлік кептелісін азайтып, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу