Бадамның балығы неге қырылды?

1193

Балық инспекциясының қызметкерлері су мен жағалауды өлі балықтардан әлі тазартып жатыр.  

Бадамның балығы неге қырылды?

Түркістан облысы Бадам өзеніндегі балықтардың қырылуына судың сапасы мен ондағы температураның өзгеруі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың 8 наурызында Instagram-дағы Gappar_nomad парақшасында Түркістан облысы Бадам өзенінде маринка балығының қырылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына Түркістан облысының балық инспекциясы бөлімі, Шымкент қаласының экология департаменті, табиғатты қорғау полициясы және ветеринарлық қызмет өкілдері барған.

Экология, әрі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, 
ветеринарлық қызмет мамандары балықтардың неден қырылғанын анықтау үшін өзеннен сынама алған. Олар өзендегі судың түсі де өзгергенін байқаған.

"Балық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС Арал филиалы қызметкерлерінің алдын ала қорытындысына сәйкес, малинка балығының қырылуына жаңбыр және тасқын, әрі ондағы судың сапасы мен температурасының өзгеруі себеп болған. Бұл фактор балықтардың өмір сүруі үшін маңызды", - деп жазылды хабарламада.

Мамандар балықтардың қырылуының нақты себебі зертханалық зерттеулердің нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болатынын атап өтті.

Айта кетейік, 2021 жылдың 8 наурызында кешкі сағат 20:00-де Шымкент қаласындағы цемент зауыты аумағында Түркістан облысы балық инспекциясының қызметкерлері 20 келі маринка балығын қырылғанын анықтаған. Олар өлі балықтарды әлі жинап жатыр.

Еске салайық, Бадам өзені Түркістан облысында орналасқан, ұзындығы 141 шақырым. Онда маринка, Түркістан гуджоны, Амур чебачок сынды балықтар мекендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу