Бадминтоннан Қазақстан үздіктері анықталды

1213

Жарысқа еліміздің үздік 32 спортшысы қатысты. 

 Бадминтоннан Қазақстан үздіктері анықталды Фото: olympic.kz

Алматыда бадминтоннан ерлер мен әйелдер бойынша үздік 16 ойыншы арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарысқа барлығы еліміздің үздік 32 спортшысы қатысты. Қатысушылар арасында халықаралық спорт шебері, жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы Панарин Дмитрий, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Артур Ниязов бар. Сонымен қатар, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Батыс Қазақстан облысының спортшылары да қатысушылар арасынан табылды.

Чемпионат нәтижесі:

Жекелей сын (ерлер)

1 орын – Панарин Дмитрий (Қостанай облысы)

2 орын – Ниязов Артур (Түркістан облысы)

3 орын – Кульматов Хайтмурат (Түркістан облысы)

Жекелей сын (әйелдер)

1 орын – Смағұлова Камила (Түркістан облысы)

2 орын – Штелле Оксана (Қостанай облысы)

3 орын – Сазонова Арина (Қостанай облысы) 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу