Баға рекордтық деңгейден асып кетуі мүмкін – Тоқаев

2200

Шарықтаған баға жақында рекордтық деңгейден де асып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Баға рекордтық деңгейден асып кетуі мүмкін – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қымбатшылыққа алаңдаушылық білдірді. Әлемде ушыққан геосаяси ахуал үлкен дағдарысты алып келді. Алайда даурығуға негіз жоқ дейді Президент. Мемлекет басшысы қаржылық қиындықты қалай жеңбек?

Елде азық-түлік қоры жеткілікті деп Үкімет қанша айтқанымен ел ішінде дүрбелең басылар емес. Өскеменде тұрақтандыру қорындағы тауарлар жетіспей жатыр. Дүкендерге жеткізілген тауарлар тез таусылып қалуда. Сондықтан халық ең көп тұтынатын азық-түліктердің кейбірі шектеліп сатылуда. Атырауда да әлеуметтік маңызды тауарларға сұраныс күрт артқан. Саудагерлер бір айлық жоспарды 2-3 күнде орындап тастауда. Ал Шымкентте қант тапшы. Табылған күннің өзінде бір қолға 2-3 келіден артық берілмейді. Әлеуметтік тауарлар жайын өңірдегі әріптестерім байқап көрген еді. Бейнематериалға назар аударайық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу