2021 жылдың екінші тоқсанынан бастап бағаның серпінді өсуіне байланысты Алматыдағы крематорий құрылысы сметасын өзгерту қажеттілігі туындады. Нәтижесінде нысанның ашылуы кейінге шегерілді.
Бюджет қайта бекітілгеннен кейін жоба "Мемсараптама" РМК оң қорытындысын алуы керек, содан кейін жұмыс жанданады. Осыған байланысты крематорийдің ашылу күні 2023 жылдың бірінші тоқсанына шегерілді.
Бұған дейін әкімдік крематорий мен оған арналған желілердің құрылысын 2022 жылдың үшінші тоқсанында аяқтаймыз деп уәде еткен.
Еске сала кетсек, 2020 жылы Алматыда аталған нысанның құрылысы басталатыны хабарланды. Алайда халық бұл жаңалыққа аса қуана қойған жоқ. Елімізде бұл қызметке сұраныс жоқтың қасы.