Бағалау комиссиясы тасқыннан бүлінген баспаналарды аралап үлгермей жатыр

749

Бағалау комиссиясы тасқыннан бүлінген баспаналарды аралап үлгермей жатыр

Бағалау комиссиясы Семейде тасқыннан бүлінген 300 баспананы аралап шықты. Оның қорытындысы әлі жарияланған жоқ, деп хабарлайды КТК.

Атқамінерлер су басқан баспаналардың арасынан тиісті құжаты жоқ үйлердің де табылғанын айтады. Сондай-ақ, мал-мүлкін тастап көрші өңірлерге, тіпті басқа елге көшіп кеткендер де бар деседі. Әзірге тасқыннан келген шығынның нақты көлемі белгісіз. Бір анығы,  Семейдің өзінде ұзын-саны 450-дей жер үй зардап шегіпті.

Бағалау комиссиясы мүшелерінің жұмысын кейбір үй иелерінің басқа өңірде, тіпті Ресей мен Германияға көшіп кеткені бәсеңдетіп отыр. Мамандардың айтуынша, олар шұғыл Семейге жетіп, туыстарына сенімхат рәсімдеулері қажет. Әйтпесе, өтемақы мүлдем төленбейді. Ал мүлкі бүлінген тұрғындардың материалдық шығынды алуға жазған арыздары тасқын болған сәттен соң 30 күннің ішінде қабылданады.

"Кеше бір үйді қарадық, бүгін сонда қайта оралдық. Күннің сууына байланысты ондағы қабырғалар жарыла бастаған. Біз әр баспананы жеке-жеке қарап шығамыз. Бірақ қай үйге қашан жететінімізді айта алмаймыз. Үйлер көп және баспанасын тез қалпына келтіргісі келіп хабарласып жатқандар да аз емес", - дейді бақылау комиссиясының өкілі Ақмарал Мұрат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу