Бағалы қағаздар қарызға беріліп жатыр

787

Бағалы қағаздар қарызға беріліп жатыр

Бағалы қағазды енді қарызға да алуға болады. Биржада акциялар ақысын бөліп төлеуге мүмкіндік беретін осындай тың жүйе енгізіліп отыр. Бұл жайында LS ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірақ бөліп төлеу мерзімі қысқа. Яғни, қарызға алынған акция құны небәрі екі тәуліктің ішінде өтелуі тиіс. Тағы бір өзеріс, құнды қағаздардың алдын-ала төлемі 50%-ға төмендетіліп отыр. Бұған дейін алдын ала төлем 100% деп міндеттеліп келген еді.

Әзірге жаңа ережелермен Қазақстан қор биржасында платформасы бар 13 қаржы ұйымы ғана жұмыс істеуге ниетті. Қарызға беріліп жатқан акциялар да тек отандық банктер мен компаниялардың үлесі. Соған қарағанда акциялар өтпей жатқан көрінеді.

Автор: Жалғас Зейнолла

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу