Көлік полицейлері бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Көліктегі полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қазақстан Республикасының аумағында ұзақ уақыт бағалы металдардың заңсыз айналымымен айналысқан бір топ адамның әрекетін әшкереледі.
ҚР ҚК 295-1 бабы 3-бөлігімен, яғни "Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.