Соңғы дерек бойынша, апаттан кемінде 50 адам ажал құшқан. 1 қыркүйектен бастап ойран салған жойқын жел аралдардағы 13 мыңға жуық ғимарат қиратып, елдімекендер су астында қалған.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы өкілдерінің хабарлауынша, аймаққа 15 адамнан тұратын сараптау тобын жіберген. Мамандар апаттан келген шығынды есептеп, жергілікті тұрғындарға нақты қандай көмек көрсетіліуі керектігін анықтайтын болады.
Бұған дейін ұйым аралға гуманитарлық көмек көрсеткен болатын. Олар 15 мыңнан астам дайын тамақ, электр қуаты генераторы мен байланыс құралдарын жіберген.
Жақын күндері бағдарлама қызметкерлері Багам аралдарына 8 тонна азық-түлік пен басқа да керекті заттар жеткізбек.
Табиғат Нұрболат