Бағанашылдағы балалар үйіндегі жанжалдан соң 2 шенеунік қызметінен кетті

187

Алматы облысында №1 балалар үйін күштеп көшірмек болғаннан кейін екі лауазымды тұлға қызметінен босатылды.  

Бағанашылдағы балалар үйіндегі жанжалдан соң 2 шенеунік қызметінен кетті Фото: tenginews.kz

Облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ерік Әбитов қызметтерінен өз еріктерімен кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл оқиға №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына мәжбүрлі түрде көшіру әрекетінен кейін болды. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл шешімге қарсы балалардың өзі де үн қатты – олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, араша сұрады. Нәтижесінде Президент олардың өтінішін орындап, көшіру туралы шешімді тоқтатты.

Салтанат Беспаева өз қызметін тұрақты атқарып келген. Алайда ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбитов бұл мәселені ақпараттық тұрғыда дұрыс басқара алмаған. Соның салдарынан жағдай Президенттің бақылауына алынып, аймақта үлкен дау шықты. Мәлімдемелерге қарағанда, Беспаева мен Әбитов жұмыс барысында өзара келісіп жұмыс істемеген, бірлесе әрекет етпеген. Сондықтан да бұл жауапкершілікті өз мойындарына алған.

Осы жағдайлардан соң Президент әкімшілігінің комиссиясы Бағанашылдағы балалар үйін тексерді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу