Волонтерлер мәліметінше, іздестіріліп жатқан қыздардың бірінің жасы 14-те, екіншісі 16-да, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы қаласының полиция департаменті балалар мекемесінен екі тәрбиеленушінің өз бетімен кетіп қалу дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін қозғағанын хабарлады.
"Бұған дейін де кәмелетке толмағандар мекемеден бірнеше рет кетіп қалған, әр жолы олар полиция қызметкерлерінің көмегімен табылып, қайтарылған. Қазіргі уақытта олардың қайда екенін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады департаменттен.
Сонымен қатар қалалық полиция осыған ұқсас жағдайлар бойынша мекеме басшылығымен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары бұған дейін де жүргізілгенін мәлімдеді
"Тәрбиеленушілерге бақылауды күшейту қажеттігі ескертілген", – деп хабарлады полиция.