Бағанашылдағы балалар үйі көшіріледі

149

Алматыдағы №1 мектеп-интернатының ғимараты толықтай қайта жөндеуден өтеді.  

Бағанашылдағы балалар үйі көшіріледі Фото: kaztag.kz

Жөндеу жұмыстары кезінде тәрбиеленушілер уақытша басқа жерге орналастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтың айтуынша, балаларды көшіру жұмыстары қаланың өз аумағында жүзеге аспақ.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес, орталықтың ғимараты толықтай жаңғыртылады. "Интегра" ЖШС өздерінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бұл істі қолға алып, балаларды көшіруге дайын", – деді әкімнің орынбасары.

Балаларды мекемелерге орналастыру мәселесі Алматы қалалық білім басқармасының бақылауында.

Қазірдің өзінде "бұл нысанды бұзып, сол аумақта жаңа ғимарат салу" жобасы әзірленіп жатыр. Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденовтің айтуынша, балалар уақытша №1 интернатқа көшіріледі.

"Бұл интернат та білім басқармасының қарамағында. Бар-жоғы екі апта бұрын мұнда "Жанұя" арнайы балалар үйінің 90-нан астам тәрбиеленушісі тұрған еді. Балалардың иелігінде 1100 шаршы метрден астам аумақ, 18 бөлме бар. Ғимаратқа жөндеу жүргізілді. Апта соңына дейін балалар көшіріліп, орталықтың ғимараты босатылған соң, құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарына кіріседі", – деді ол.

Айта кетсек, Алматыдағы №1 балалар үйін Қонаев қаласына көшіру туралы шешімге балалар қарсы шығып, автобустың жолын бөгеп, наразылық танытты. Олар кішкентай топтың балаларын алып кетуге қарсылық танытып, қақпаның алдына тұрып алды. Балалар қарсылық танытқан соң әкімдік полиция қызметкерлерін шақырып, шара қолданбақ болды. Кейін Президент Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, балалар басқа жаққа көшірілмейтін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу