Бағаны көтерген жағдайда кәсіпкерлерге ең қатаң шаралар қолданылады

1721

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтанда азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бағаны көтерген жағдайда кәсіпкерлерге ең қатаң шаралар қолданылады

"Қаланың сауда нысандарына мониторинг жүргіземіз. Елорда аумағында азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ. Қаланың периметрі бойынша 6 блокпост қойылған. Барлық блокпосттар бойынша алғашқы күннен бастап азық-түлік өнімдерін кіру және жеткізу бойынша үздіксіз жұмыс жолға қойылды. Азық-түлік тауарларын жеткізуге қатысты іркілістер жоқ. Барлық сауда нысандары коменданттың бұйрығымен штаттық режимде жұмыс істейді. Рұқсат етілген уақыт таңғы сағат 8-ден 22:00-ге дейін", – деді Ерлан Бекмұрзаев.

Елорда әкімінің орынбасары барлық кәсіпкерлерді Нұр-Сұлтан қаласының коменданты әзірлеген ережелерді сақтауға, атап айтқанда, сөрелерден алкоголь өнімдерін алып тастауға, белгіленген режим мен жұмыс кестесін сақтауға шақырды.

"ӘКК әріптестерімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күн сайын мониторинг жүргіземіз. Бағаны көтерген жағдайда кәсіпкерлерге ең қатаң шаралар қолданылады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу