Бағаны тұрақтандыру үшін түбегейлі өзгерістер болады

619

Енді өнімін ішкі нарықта сатқандарға ғана мемлекеттік жәрдем көрсетіледі.

Бағаны тұрақтандыру үшін түбегейлі өзгерістер болады Фото: Ашық дереккөзден

Азық-түлік қымбатшылығын болдырмау үшін субси диялау механизміне өзгерістер енгізіліп, делдалдыққа қарсы саясат жүргізіледі. Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шақалиев осындай жаңалығымен қостанайлық саудагерлермен бөлісті.

Енді өнімін ішкі нарықта сатқандарға ғана мемлекеттік жәрдем көрсетіледі. Өзбекстанға жөнетілген астық пен Ресейге кеткен сүт, күнбағыс өнімдерін субсидиялау тоқтатылады. Ал, жұмыртқа өндірушілер мемлекетті алдап соққаны үшін субсидиядан қағылған. Олар жұмыртқаның өзіндік құнын 10 теңгеге асырып көрсеткен. Бұдан бөлек тума-туыс, таныстарына жеке кәсіпкерлік ашып, өнімін соларға сатқан. Бұл делдалдардың сауда орындарына өнім бағасын 40 пайыз қосып өткізгені анықталды. Мемлекеттік көмек енді оңды-солды бәріне бірдей көрсетілмейді. Биыл өңірдің ауыл шаруашылық саласына 40 млрд теңге субсидия бөлінген еді. Келесі жылы қаржы біршама қысқаратаны анық.

Қостанайлық ірі саудагерлердің ойынша, азық-түлік бағасын ауыздықтауды коммуналдық төлемақы мен жанар-жағар май құнын тұрақтандырудан бастаған жөн. Екібастұз электр станциясында киловаты 7 теңгеден сатылатын жарықтың ақысы 13 делдал арқылы Қостанайға жеткенше 5 есеге ұлғаяды. 10 маусымда электр жарығының құны 17 пайызға өсті. 1 шілдеден бастап газ бен судың тарифы да қымбаттайды. Мұның бәрі қымбатшылыққа әкеп соғуда. Ал, вице-министрдің сөзінше коммуналдық төлемақы тауар құнының 5-7 пайызын ғана құрайды. Сондықтан аса әсер етпеуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу