Ирак астанасы Бағдад қаласында қатарынан бірнеше жарылыс болып, 17 адам мерт болды. Тағы 60-тан астамы жараланған, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, алғашқы үш жарылыс Бағдадтағы базардың бірінде болған, іле-шала төртінші жарылғыш шағын автобуста іске қосылған. Әзірге қастандықты ешқандай лаңкестік ұйым мойындаған жоқ.
Айта кетейік, қазан айының ортасында Ирактың астанасында осы сынды бірнеше жарылыс болып, 50-ден астам тұрғын көз жұмған еді. Ол кездегі қастандықты "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" содырлары өз мойындарына алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу