Бағдадта Қазақстан павильоны ашылды

600

Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі "Hala Kazakhstan" туристік компаниясымен бірлесіп, Бағдад қаласында Қазақстан павильонын ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ сілтеме жасап.  

Бағдадта Қазақстан павильоны ашылды Фото: gov.kz

Еліміздің стенді және дәстүрлі қазақ киіз үйі Ирактың жыл сайынғы "Iraqi Tourism–2023" халықаралық туристік форумының нағыз сәніне айналды.

Павильонға Ирактың Мәдениет, туризм және көне заттар министрі Ахмед Факак әл-Бадрани арнайы келді.

Форум аясында Ирактың туристік компанияларымен екіжақты кездесулер өтті, сондай-ақ еліміздің туристік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Аталған іс-шараға Қазақстанның қатысуы Ирак азаматтарының аса қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар Елшілік қызметкерлерінің Бағдадқа сапары шеңберінде жергілікті Сауда палатаның президенті Фарис Әл-Хамдадимен және Ирак темір жолдарының Бас директоры Юнис Халед Джавадимен кездесулер өткізілді.

Келіссөздер барысында Қазақстан-Ирак сауда-экономикалық, көлік және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ тауар айналымын ұлғайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған нақты қадамдар талқыланды.

Ирак тарапы тиісті шарттық-құқықтық базаны қалыптастыруға мүдделілігін және екіжақты қатынастарды одан әрі жандандыруға дайындығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу