"Жексенбі, 8 мамыр сағат 02:40-та "Toyota Camry" маркалы автокөлік жүргізушісі Сембинов көшесімен келе жатып, Кенесары көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтеді. Сөйтіп, Кенесары көшесімен келе жатқан "Mercedes-Benz" автокөлігін соғады. Жол-көлік оқиғасынан "Mercedes-Benz" жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.
Ведомстводан мәлім еткендей, "Toyota Camry" жүргізушісі мен "Mercedes-Benz" жолаушылары түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.