Бағдат Қожахметов Кавасаки синдромына қатысты ахуалды айтты

623

Карантин талабын бұзған 123 заңды тұлға 62,6 млн теңге айыппұл төледі.  

Бағдат Қожахметов Кавасаки синдромына қатысты ахуалды айтты

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өткен аптада Қазақстанда Кавасаки синдромымен ауырған 3 баланың тіркелгенін айтқан болатынмын. Қазіргі уақытта Кавасаки синдромымен және соған ұқсас синдроммен 11 бала тіркелді. Бірақ, айта кетерлігі, клиникалық белгілері бойынша бұл індет Кавасаки синдромына ұқсас. 5 жасқа толмаған балаларда өте сирек кездеседі. Қазақстан бойынша тіркелген 11 баланың үшеуі Нұр-Сұлтан қаласында аман-есен емделіп шықты", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның айтуынша, қалған балалар Ақтөбе, Қарағанды, Алматы қалаларында тұрады. Балалардың екеуі 1 мен 5 жас аралығында болса, қалған 9 бала 5-тен 17 жастың аралығында.

"Яғни, 9 бала Кавасаки синдромына нақты келмейді. Олар соған ұқсас ауру деп есептелінеді", – деді Бағдат Қожахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу