Бағдат Мусин ауыл шаруашылығына қатысты сегіз қызмет түрін онлайнға көшіруді сұрады

579

Меморгандардың ақпараттық жүйелерінің ахаулықтарына байланысты кейбір қызмет түрлерін онлайн алу мүмкін емес.

Бағдат Мусин ауыл шаруашылығына қатысты сегіз қызмет түрін онлайнға көшіруді сұрады

Мысалы, Ауылшаруашылық министрлігінің 8 қызметін атап өтуге болады.

Бұл туралы үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министр атап өткен қызмет түрлері төмендегіше:
– Ветеринариялық анықтамалар беру;
– Ветеринариялық паспорт беру;
– Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
– Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру;
– Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау;
– Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру;
– Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру;
– Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу