Бағдат Мусин Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті төрағасы болып тағайындалды

1438

Бағдат Мусин Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті төрағасы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді.

Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

 2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды.

2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Аталған қызметке тағайындалғанға дейін "Қазпочта" АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу