Бағдат Мусин: Ешқандай Билл Гейтс қазақстандықтарды базалық стансалардың көмегімен бақыламайды

Бүгінгі таңда операторлар тұрғындардың шағымдарына байланысты мыңдаған базалық стансаларды көшіруге мәжбүр.   

Бағдат Мусин: Ешқандай Билл Гейтс қазақстандықтарды базалық стансалардың көмегімен бақыламайды Фото: primeminister.kz

Сенат отырысынан кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин неге кей үйлерде интернет сапасы нашар екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Қазіргі таңда қалалардағы мобильді интернетке радио қызметтері кедергі екенін үнемі айтып келемін. Ал радио қызметтері мәселелерін шешу үшін қазір Мәжілісте арнайы заң шығару бастамасы талқыланып жатыр", - деді министр.

Бұл ретте ол операторлар мыңдаған базалық стансаларды көшіруге мәжбүр деп шағымданды.

"Мысалы, мен Facebook-та мұндай сұрақты жиі кездестіремін, яғни олар: "кеше интернет жақсы жұмыс істеген, бірақ бүгін қосылмай жатыр" деп жазады. Мұны ПИК-тен сұрау керек, біреу базалық стансаны алып тастауға бастамашы болуы мүмкін. Негізі базалық станса жай ғана құрылғы. Бұл құрылғылар бір жерде тұрақты тұрса, байланыс сапасы нашарламас еді", - деп түсіндірді министр.

"Бұл тек темір құрылғы ғана емес, сонымен қатар оған қажетті желілер қосылады. Яғни, базалық станса жұмыс істеуі үшін оған оптикалық кабель қажет. Сондықтан БАҚ өкілдері ретінде сіздер халыққа ақпаратты жеткізуге көмектесе аласыздар. Тұрғындарға ешкім сәуле түсірмейді, онымен бірге Билл Гейтс те бұл базалық стансалар арқылы оларды басқармайды, бұл шын мәнінде бүгінгі күннің қажеттілігі. Үйдегі су сияқты, байланыс та қажет", - деп түйіндеді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу