Бағдат Мусин Қазақстанда YouTube кеңсесін ашуды ұсынды

552

Қазақстан үкіметінің отырысында ол Силикон алқабында кездесудің қалай өткенін баяндады.  

Бағдат Мусин Қазақстанда YouTube кеңсесін ашуды ұсынды Фото: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин YouTube-тің өнімдерді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен кездесуде компанияның Қазақстанда жергілікті кеңсесін ашуды ұсынғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз жарты сағатқа жуық уақыт түрлі тақырыпта, соның ішінде түрлі қызмет түрін ашу туралы сөйлестік. Осы кездесуде YouTube вице-президенті Адам Смит Қазақстан пайдаланушылары үшін YouTube премиумының ашылғанын растады. Мен сонымен бірге біздің елде жергілікті өкілдік ашуды ұсындым. Ол Қазақстанды қадағалайтын еуропалық кеңсеге тиісті тапсырма бергенін, олар оны пысықтап, кейін жауап беретінін айтты", - деді Бағдат Мусин.

Министр Силикон алқабында YouTube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстанда компанияның түрлі қызметіне қолжетімділікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу