Бағдат Мусин 5 миллионнан аса алаяқтық қоңырау тоқтатылғанын айтты

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасының айтуынша, еліміздегі жасанды интеллект инфрақұрылымы жүйелі түрде күшейіп келеді.

Бағдат Мусин 5 миллионнан аса алаяқтық қоңырау тоқтатылғанын айтты Фото: ЖИ

Бір ғана мысал, Екібастұздағы "Деректерді өңдеу орталықтары алқабы" жобасы бойынша құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Екінші суперкомпьютеріміз – Қосшыдағы Al-Farabium II-ні осы айда техникалық іске қостық. Оның өнімділігі Алматыдағы бірінші суперкомпьютерден шамамен үш есе жоғары. 1 желтоқсаннан бастап коммерциялық іске қосамыз. Бұл – компаниямыздың 25-ші деректерді өңдеу орталығы.

Клиенттеріміздің 98%-ы Қазақстан резиденттері. Біз басымдықты ел ішіндегі сұранысқа, деректердің қауіпсіздігіне және ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға береміз.

"Қазақтелеком" – Бас прокуратураның антифрод байланыс орталығының техникалық серіктесі, – деді Бағдат Мусин. 

Жалпы, 2025 жылдың шілдесінен бері 5 миллионнан аса алаяқтық қоңырау тоқтатылған. 90 маман тәулігіне орта есеппен 9 мың қоңырауды өңдеуге қауқарлы. 

– Бүгінде жасанды интеллект трафикті талдап, алаяқтардың қоңырауларын анықтайды. Келесі қадам – ЖИ-операторды іске қосу. Қазірдің өзінде 200-ден астам дауыс әзірленді, – деп қоса кетті "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу