Бағдат Мусин қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді

289

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға негіз көп.

Бағдат Мусин қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді Фото: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылған Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Менің отставкаға кеткенім туралы соңғы жаңалықты естіген шығарсыздар.

Бірінші кезекте еліміздегі маңызды саланың бірі - цифрландыру саласын басқаруды сеніп тапсырған және мүмкіндік берген Мемлекет басшысына алғыс айтқым келеді.

3 жыл ішінде көп нәрсе жасалды және әлі де жасала бермек. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға негіз көп.
Бұл алдымен кәсіби мамандар жиналған үлкен команданың еңбегі, біз олармен бірге өсіп, қатар келген қиындықтарды да, үлкен жеңістерді де бірге бөлістік.
Цифрлы сервистерді енгізу үдерістеріне және Цифрлы даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дамуына қолдау көрсеткен, сенім білдірген және қатысқан әрқайсыңызға ризамын.

Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен және ыңғайлы еткен жетістіктерімізді мақтан тұтамын, бұл әрине - цифрлы мемлекеттік қызметтер.
Сонымен қатар, біздің прогрессивті цифрлы өнімдеріміз халықаралық деңгейде атап өтілді және біздің елімізді әлемдік цифрлы көшбасшылар қатарынан көрінуге мүмкіндік берді, - деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу