Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, министрлік қалыптасқан жағдайға тұрақты негізде талдау жүргізіп жатыр және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, отандық ақпараттық технологиялар саласын қолдау бойынша бірқатар ұсыныс әзірледі.
Атап айтқанда, IT-мамандарына әскери қызметті кейінге қалдыру, отандық IT-шешімдерді енгізу үшін жеңілдікті кредит беру, "Astana Hub"-та эксаумақтылық қағидаты бойынша салық преференцияларының қолданылуын 2029 жылға дейін ұзарту ұсынылады.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мүдделі мемлекеттік органдармен аталған қолдау шараларын пысықтауды тапсырды.