Бағдат Мусин шетелдік көлігін заңдастырып жүрген астаналықтармен кездесті

458

Цифрлық даму, инновациялар және аоэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шетелдік көлігін заңдастырып жүрген астаналықтармен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бағдат Мусин шетелдік көлігін заңдастырып жүрген астаналықтармен кездесті

"Өздеріңіз білетіндей, қазір шетелдік көліктерді заңдастыру процесі жүріп жатыр. Осыған орай, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Цифрлық даму министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, азаматтарға қызмет көрсету үдерісін жолға қоюда. Бүгін Астананың №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Көліктерін заңдастыру үшін келген азаматтармен және орталық мамандарымен сөйлесіп, қандай мәселелер бар екенін сұрадым. Заңдастыру процесінде көлік басқа елде де тіркеуде тұрмауы шарт. Көптеген азаматтар осы проблемаға тап болады екен", - дейді Бағдат Мусин.

Министр қолындағы компьютермен интернетке кіре алатын кез келген адам мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін қызметті өз бетімен тындыра алатынын айтады.

"Заңдастыру барысында ең алдымен көлік деректерін тексеруге eGov порталы арқылы өтініш беру керек. Қолында компьютері жоқ автокөлік иелері кез келген ХҚКО-ға келіп, өзіне-өзі қызмет көрсету секторында өтінім бере алады. Автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуы тиіс. Мақұлданған жағдайда автокөлікті тексеру үшін мамандандырылған ХҚО-ға онлайн кезекке тұру қажет. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлікті заңдастыру процесінің қалай жүргізіліп жатқанын көріп, автокөлікті тексеру пунктін аралап қайттым. Келушілерге жылдам әрі сапалы қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз. Осы ретте, азаматтарымыздың жайлығығы үшін біз мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіре түсеміз", - деп жазды ведомство басшысы.

Бұған дейін көлік заңдастыру науқанының төртінші күні 1990 адам жаңа нөмір алғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу