Бағдат Мусин сүйінші жаңалық айтты

288

Елдегі 1800 мектеп Starlink желісіне қосылған. 

Бағдат Мусин сүйінші жаңалық айтты Фото: bagdatmussin

"Қазақтелеком" компаниясының басшысы, экс-министр Бағдат Мусин 891 мектепте интернет жылдамдығы 5 есеге көтерілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Starlink-пен неліктен серіктес болуды ұсынғаным естеріңізде ме? Мұның себебі – көптеген мектепте интернет жылдамдығының сапасы сын көтермейтін. Нәтижесінде 1800 мектеп Starlink арқылы интернетке қосылды. Дегенмен қазір Қазақтелекомға келгелі әріптестеріммен барлық мүмкіндіктерді тексеріп көрдік. Келесідей шешім қабылдадық. Жақын арада қосымша 828 мектепке оптика өткізетін болдық. Жоба бойынша 222 шақырымға созылған желі салып, 329 мектепке оптика өткізіп қойғанбыз. Ол үшін біздің техникалық блоктың қызметкерлеріне алғысым шексіз!", – деп жазды Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, бұл шаруа 4 айдан аз уақыт ішінде іске асып жатыр.

"Бұдан бөлек, 891 мектепте қосымша ақысыз интернет жылдамдығын 5 есеге көтереміз. Қазір ЦДИАӨМ-мен арада жасалған келісім аясында мектептер 10 мбит/сек жылдамдықтағы интернетке қосылған, біз жылдамдықты  50 мбит/сек дейін көтереміз. Біздің жоспар – барынша көп мектепті оптикамен қамту, қазіргі уақытта цифрлық инфрақұрылым шамамен 4 000 мектепті қамтып отыр. Әйтпесе болашақ ұрпақты оқыту үшін шетелдік операторларға жүгінуіміз керек болса, отандық телекомның бізге не қажеті бар?", – деді ол.

"Қазақтелеком" компаниясының басшысы бұл мәселені министр болған кезде де айтқанын, қазір де сол пікірде екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу