Бағдат Мусин: "Зерде" холдингін таратып жіберейік

695

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бағдат Мусин: "Зерде" холдингін таратып жіберейік

"Зерде холдингін реформалау жылдың басында басталған. Инновацияларды дамытудың бірыңғай экожүйесін құру мақсатында "Қазиновейшонс" агенттігі мен Astana Hub технопаркін бір ұйымға, яғни инновациялар технологиялар паркіне біріктіру арқылы оңтайландыру ұсынылады. Ал Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамын тікелей тікелей министрлік құрамына беріп, Зерде холдингін таратып жіберу ұсынылады", – деді Бағдат Мусин.

Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Зерде" ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу